Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
18.7 C
Shymkent

Қазақстанда коронавирустың жаңа толқыны басталуы мүмкін бе: Министр жауап берді

Танымал

Ел аузында

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде пандемияның жаңа толқыны басталып-басталмауы әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол Қазақстанда жағдай жақсарғанына қарамастан, әлемде эпидемиологиялық ахуал әлі күнге тұрақсыз екенін атап өтті.

«Қазір Қытайда «омикрон» штамын жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Еуропаның кейбір елдерінде көбеюде. Бірақ, тұтастай алғанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы аптада жалпы көрсеткіш төмендеп келеді. Елде бәрі тыныш, сол себепті біз шектеу шараларын алып тастадық. Бірақ шекарада бақылау әлі бар. Елге кіргендердің бәрін тексереміз. Вакцина мен теріс нәтижелі ПТР-тест міндетті», – деді Ғиният үкімет кулуарында.

Министр қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы ревакцинация жасатуға, сондай-ақ бустерлік доза алуға шақырды.

«Бүгінде ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы пайда болуы мүмкін екенін немесе ол маусымдық вирус сияқты жеңіл формаға ауысатынын болжап отыр», – деді ол.

Ғиният қазір Қазақстанда эпидахуал бойынша оптимистік сценарий орындалып жатқанын атап өтті.

«Вирустың таралуы байқалмайды. Індеттің өршуі әлемдегі жағдайларға байланысты. Сырттан коронавирус штамдары еніп, ауру таралмаса, елде жағдай жақсы болады», – деді министр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...