Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

«Цифрландыру жағдайындағы баспа ісі мен дизайнның өзекті мәселелері» атты республикалық конференция өтеді

Танымал

Ел аузында

Ертең сағ 11:00 де қазақ баспасөзі безендіру ісінің негізін қалаған көрнекті ғалым, жазушы, публицист, профессор Әбілфайыз Ыдырысовты еске алуға арналған «Ыдырысов оқулары» аясында «Цифрландыру жағдайындағы баспа ісі мен дизайнның өзекті мәселелері» атты гибрид форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференция өтеді.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде өтетін конференцияда бүгінгі баспа ісінің өзекті проблемалары, дәстүрлі медиадағы трансформация және жаңа технологиялар, заманауи медиадизайнның ерекшеліктері, виртуалды коммуникация және мультимедиа мәселелері сөз болмақ. Және конференцияда Ыдырысовтың шығармашылығы, ғылыми зерттеулері және мұралары туралы ф.ғ.д., профессор Намазәлі Омашев, ф.ғ.д., профессор Кәкен Қамзин, ақын, ҚР ҰҒА-ның  корреспондент-мүшесі, ф.ғ.д., профессор Бауыржан Жақып, жазушы, баспагер Құралай Әбілфайызқызы, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген баяндама жасайды.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында студенттердің, жас ғалымдардың үздік ғылыми жұмыстарына, шығармашылық жұмыстарына 5 номинация бойынша Байқау ұйымдастырылған. Конференция барысында жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтары мен Алғыс хаттарды табысталады.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., доцент А.Ә.Рамазан, тел.: +7 776 118 08 47.

Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Сләмғажы, тел.: +7 707 383 38 79.

Жетекші маман М.Альмухаметова тел.: +7 707 5358455

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...