Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
12.4 C
Almaty
12.8 C
Shymkent

Елімізде сүт өнімдері 30 пайызға қымбаттады

Танымал

Ел аузында

Елімізде сүт өнімдері 30 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов оның себебін шеттен келетін шикізат құнының өскенімен түсіндірді. Ағарғанның өзін былай қойғанда, қаптамасының қымбаттауы өнім бағасын өсіріп жіберген.

“Сүт өнімдерінің 60 пайызы – ішіндегі шикізат бағасы. Ол да өсіп бара жатыр. Өйткені жемнің бағасы, басқа да факторлары бар. Мысалы, Ресейден алып келетін қапшықтары да қымбаттап жатыр. Ол да өз әсерін беріп отыр”, – дейді cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Азық-түлік бағасының өсуіне өткен айдағы теңгенің тұрақсыздығы да әсер еткен. Оған дүкендердегі дүрбелең қосылған. Соның бір дәлелі – наурыздағы кенеттен қызған қант саудасы. Мұндай жағдай әсіресе үй жанындағы шағын дүкендерге қол болып тұр. Облыс орталықтарында жүргізілген мониторинг нәтижесінде шағын дүкендердің 85 пайызы бағаны негізсіз көтергені анықталған. Енді бұндай тексеру аудандарға шейін жүргізілмек.

“Егер әлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларын алсақ, 1 миллион тоннаға жуық қор бар. Ол өндірушілердің қоймасында, сауда орындарында, жеткізушілердің қоймасында. Осыдан үш ай бұрын 2 миллион тонна болған. Бұл енді үш айдан кейін миллион таусылып, біз дымсыз қаламыз деген сөз емес. Қор толығып отырады. Мысалы, тура бір айдан кейін ерте пісетін көкөністер түсуге тиіс”, – дейді сауда және интеграция министрі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...