Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Өзбекстан санкцияларға байланысты Ресейге GM көліктерін жеткізуді тоқтатты – БАҚ

Танымал

Ел аузында

Өзбекстанның UzAuto Motors мемлекеттік автокөлік компаниясы санкцияларға байланысты Ресейге экспортты тоқтатты. Бұл туралы Eurasianet басылымында айтылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

UzAuto Motors компаниясы General Motors (GM) тобының Chevrolet маркалы көліктерін шығарады. Бұл көліктер құрамына Оңтүстік Кореяда шығарылған жартылай өткізгіштер мен микросхемалар кіреді.

«UzAuto Ресей Федерациясына автокөліктерді жіберуді жалғастырса, Андижан маңындағы зауытқа құрамдас бөліктерді жеткізу тоқтатылар еді», – деп жазады басылым.

UzAuto өкілі көлік жеткізудің тоқтатылуын растаудан немесе жоққа шығарудан бас тартты. Алайда Детройттағы GM штаб-пәтері анық ақпаратты айтты.

«UzAuto компаниясы 2022 жылғы 9 наурыздан бастап Chevrolet автокөліктерінің Ресейге экспортын тоқтатты», – деді GM өкілі.

Осыдан кейін UzAuto компаниясы автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді тасымалдау үшін Ресей порттарын пайдалануды тоқтатқанын растады, бірақ Ресейге көлік сату мәселесін талқылаудан бас тартты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...