Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.6 C
Nur-Sultan
23.8 C
Almaty
25.7 C
Shymkent

АҚШ Путиннің қыздарына санкция салды

Танымал

Ел аузында

АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Голос Америки» сайтына сілтеме жасап.

Санкциялар Ресей басшылығына және олардың отбасына, оның ішінде, Ресей президенті Владимир Путиннің қыздарына, сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың әйелі мен қызына, сондай-ақ Ресей Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне, оның ішінде бұрынғы президент Дмитрий Медведев пен премьер-министр Михаил Мишустинге қатысты болады.

Ресейдегі ең ірі қаржы институттары Сбер мен Альфа-банк те санкцияға ұшырады. Олардың АҚШ қаржы жүйесіне қатысты барлық активі бұғатталады. Енді америкалық компаниялар мен азаматтарға олармен бизнес жасауға тыйым салынады.

«Осы бір жыл ішінде біздің санкциялар Ресей экономикасы соңғы 15 жылда қосқанының бәрінен айырады. Өйткені Ресейді жартылай өткізгіштерді, квант технологияға арналған құрамдастарды импорттау, Интернет транзакцияларын қауіпсіз кодтау сияқты технологиялардан, ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті болу үшін қажет нәрсенің бәрінен ажыраттық. Біз Ресей экономикасының алдағы жылдарға өсу мүмкіндігіне тосқауыл қоямыз», – деді Байден.

«Біз еуропалық одақтастарымызбен бірлесе отырып, ресейлік элита саналатындардың аты-жөні мен олардың отбасы мүшелерінің аты-жөнін қамтитын тізім жасап жатырмыз. Олар санкцияға ілінеді. Осы олигархтар жымқырған орасан зор ақшаны елестетіп көріңізші. Олардың яхталары жүздеген миллион доллар тұрады. Бұл олигархтар мен олардың отбасы мүшелері бұдан былай капиталдарын Еуропа мен АҚШ-та сақтай алмайды және яхта, сәнді вилласын қолдана алмайды. Біз Украинаны…. украиндарды өз елін қорғауға қажет қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырамыз», – деді Америка президенті.

Сарапшылар Батыс енгізген шаралар нәтижесі биыл Ресей экономикасы көлемін 15 пайызға қысқартады деп болжап отыр. Батыс сарапшыларының пікірінше, бұл санкциялар салдарынан Ресей экономикасы үлкен держава мәртебесінен айырылуы мүмкін.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Обучающий лагерь для одаренных детей

Благотворительный фонд «Халык» для многих граждан нашей страны стал основой для развития, надежд и перемен. Фонд за годы своей...