Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.5 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
21.8 C
Shymkent

СІМ: АҚШ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсерін барынша азайтуда

Танымал

Ел аузында

АҚШ тарапы антиресейлік санкциялардың Қазақстан экономикасына ықпалын азайтпақ.

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин мәлімдеді.

Шынымен де күрделі әрі салмақты сұрақ. Мемлекеттік хатшының орынбасары атап өткендей, АҚШ Ресейге және жеке тұлғаларға бұрын-соңды болмаған санкциялар салып отыр. Әрине, елдеріміз арасындағы терең интеграция, ең ұзын құрлық шекарасы болғандықтан, біз санкциялардың әсерінен шет қала алмаймыз, сондықтан бұл тіпті баға саясатына, дүкендердегі жағдайға қалай әсер ететінін көріп отырсыздар. Үкімет АҚШ өкілдерімен барлық деңгейде белсенді келіссөздер жүргізіп жатқанына сендіргім келеді, – деді  Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуден кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

СІМ бірінші орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда  мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП өкілдерімен, ал АҚШ тарапынан – елшілік, Мемлекеттік департамент және басқа да ведомстволардың өкілдерімен  келіссөздерінің бірнеше раундын ұйымдастырды.

Америкалық әріптестерімізде  екі ел арасында өзара тәуелді нарық пен экономика бар деген түсінік бар. Америкалық тарап бұл санкциялардың Қазақстан экономикасына тигізетін әсерін азайту мақсатында барын салуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...