Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.9 C
Nur-Sultan
22.7 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Шатырдың үстінен полицейлерге оқ атқан: Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан мерген туралы белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Арнайы прокурорлар Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде полицейлерге оқ атқан төрт мергеннің бірінің кім екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Сыбайластары қаза тапқан мергеннің денесін шатырдан алып, қалалық аурухананың жанына тастап кеткен, кейін оның денесі мәйітханадан табылған.

«Қаңтар оқиғасы кезінде тұрғын үйдің шатырында тұрып, Алматы қалалық ІІБ қызметкерлеріне оқ атқан С. есімді азамат болып шықты», – деді Қилымжанов.

Қалған үш лаңкестің аты-жөнін анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Айта кетейік, 11 сәуір күні өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Елдос Қилымжанов қаңтардағы тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқанын айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...