Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

31.7 C
Nur-Sultan
28.9 C
Almaty
34.8 C
Shymkent

Наурыз айында еліміздегі инфляция деңгейі рекордтық деңгейге жетті

Танымал

Ел аузында

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда ішкі жалпы өнім 4,4%-ға тең болды. Ал инфляция деңгейі наурыз айы бойынша рекордтық деңгейге жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Наурыз айының қорытындысы бойынша инфляция 12%-ға тең болған. Бұл 2016 жылдың қыркүйегінен бері ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. 

«Қазақстанда инфляция деңгейі 2016 жылдың қыркүйегінен бері ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Бір айда 8,7%-дан 12%-ға жеткен. Инфляцияның өсуіне азық-түлік тауарлары айтарлықтай үлес қосқан. Баға өсімі 10%-дан 15%-ға жетті. Жоғары жылдық баға өсімі мына тауарларда байқалады: қырыққабат, қант, картоп пен қызанақ», – деді Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов. 

Наурыз айының төртінші аптасының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 18,6%-ға дейін өскен. Баға өсіміне наурыздың екінші аптасындағы тауарларға деген сұраныс айтарлықтай әсер еткен. Өзге де тауарлар бағасы 8,6%-дан 10,9%-ға көтерілген. 

Ақылы қызмет бағасының өсімі 8,3%-ға пайызға жетті, бұл нарықтағы бірқатар қызметтің қымбаттауына әсер еткен. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Спорт- денсаулық кепілі» атты кездесу өтті

Алматы қаласы, бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласы, №11 мекемесінде  – ҚР Конституциясының 30 жылдық мерекесіне  орай, спортшы, мемлекеттік...