Қанша ресейлік Қазақстанда тұруға ықтиярхат сұрады?

Танымал

Ел аузында

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда тұруға рұқсат сұраған Ресей азаматтарының саны артқанын хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінде ықтиярхат алуға өтініш білдіргендердің саны өсіп жатыр. Егер өткен жылдары бұл көрсеткіш 350-ден 400 адамға дейін болса, қазір 2022 жылдың бірінші тоқсанында мыңға жуық адам өтініш білдірген», – деді Мәжіліс отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Ол сондай-ақ 170-ке жуық Ресей азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіргенін айтты.

«Статистика бойынша, өткен жылы да шамамен осыншама адам өтініш білдірген. Ал одан сәл ертерек, 200-ден аса адам азаматтық алуға өтініш білдірген», – деді Марат Қожаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы состоялся футбольный турнир «Jas CUP» среди молодежи Алмалинского района

В Алмалинском районе города Алматы состоялся молодежный футбольный турнир «Jas CUP», направленный на популяризацию здорового образа жизни, развитие массового...