Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» агенттігінің жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Хабар» агенттігі» АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды.

Берік Уәли Мемлекет басшысына алда іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контент жасау жөнінде айтты.

Сонымен қатар, Президентке агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

Әңгіме аяғында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...