Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Жеңіс күні әскери шеру өткізуді жоспарлап отырған жоқ, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне шеру жоспарланбағанын хабарлаймыз», – дейді Қорғаныс министрлігінен. 

Бірақ жоспарға сәйкес Қазақстанда әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар, мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Жеке блокта Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары болады.

Жалпы, министрлік еліміздің барлық аймағында 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...