Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Елімізде балабақшаларға қойылатын талап қатаңдауы мүмкін

Танымал

Ел аузында

Білім және ғылым министрлігі балабақшалардағы тексеру жүргізу тәртібін өзгертуге ниетті. Бұл туралы білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, ведомствода мұндай шешім Нұр-Сұлтандағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жекеменшік балабақша тәрбиеленушілеріне дөрекі қарым-қатынас туралы шағымнан кейін қаралған.

Қаринованың айтуынша, қазір жекеменшік балабақшада тексеріс жүріп жатыр.

«Тексеруден кейін тиісті шаралар қабылданады. Білім және ғылым министрлігі бұл өте қиын жағдай екенін мойындап отыр. Бұл қайталанбауы керек, сондықтан қазір балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту шараларын қарастырып жатырмыз. Балабақшалардың өздеріне де, мұғалімдерге де талапты күшейтеміз. Балабақшаларға тексеру жүргізу тәртібін өзгертуді жоспарлап отырмыз. Балабақшалардың лицензиясын қайтару қажет болуы мүмкін. Қазір бұл нормаларды қарастырып жатырмыз», – деді Шолпан Қаринова Сенат отырысында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...