Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.9 C
Nur-Sultan
17.2 C
Almaty
18 C
Shymkent

4 проценттік автокредит: Көлікті кезексіз кімдер ала алады?

Танымал

Ел аузында

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 4 проценттік автокредит бағдарламасына кезекке тұру және құжат тапсыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, алдымен бұрынғы бағдарлама бойынша кезекке тұрған адамдардың құжаттары қаралады. Бүгінде олардың саны 15 мыңға жуықтайды.

«Әрине, соларға беріледі. Банктер жаңадан адам іздегенше бірінші тіркеліп қойған адамдарға береді ғой», – деді Өскенбаев. 

Министрдің айтуынша, бұған дейін автокредит берген банктер бағдарламаға қатыса береді. Себебі олардың онлайн-платформасы, яғни электронды кезек жүйесі бар.

«Бүкіл банктер қатысады. Бұл бұрынғы бағдарламаның жалғасы ғой. Сейсенбі күні үкімет шешім қабылдады. Енді оны ресми түрде тіркейді. Өзінің тәртібі бар ғой. Айдың соңында басталады», – деп атап өтті Өскенбаев.

Осы орайда министр ақшаны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі емес, экология министрлігі бөлетінін ерекше атап өтті. Себебі «Жасыл даму» АҚ осы мемлекеттік органға қарайды. Сол ұйымның есебінен қаржы аударылады.

«Біз автокредит тәртібін бекіттік қой. Енді экология министрлігі ақшаны бөліп, қандай жолмен жұмсалатынын бекітуі керек. Олардікі де айдың соңында бекітіледі», – дейді Өскенбаев.

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасында әлеуметтік осал топтарға жеңілдік беріледі. Олар көлікті кезексіз рәсімдей алады.

«Дәл сол адамдарға арналған бағдарлама ғой. Олар кезекте бірінші болып тұрады. Соларға басымдық беріледі, жеңілдік жасалады», – деді Өскенбаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...