Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.1 C
Nur-Sultan
32.9 C
Almaty
40 C
Shymkent

Еурокомиссия басшысы Ресей банкрот болатынын айтты

Танымал

Ел аузында

Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялары әр апта сайын ел экономикасына терең дендеп жатқанын, соған орай дефолт тек уақыт еншісінде екенін айтты, – деп хабарлайды Tagesspiegel.

Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, Ресейде жүздеген ірі компания жұмысын тоқтатқан, ал ЖІӨ төмендеуі жақын арада 11 пайызға жетеді. Сондай-ақ, ол Еуроодақ санкциялары жеңіл деп санамайтынын айтты.

«Санкциялар апта сайын Ресей экономикасына терең дендеп жатыр. Ресейге тауар экспорты 70 пайызға төмендеді. Ресейлік 700 ұшақтың қосалқы бөлшектері мен бағдарламалық жасақтамасы жаңартылмауына байланысты лицензиясынан айырылды. Ресейдің мемлекеттік банкроттығы – тек уақыт мәселесі», – деді фон дер Ляйен Bild am Sonntag неміс газетіне берген сұхбатында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Yandex Qazaqstan ең қолжетімді колонкасы – Сағатсыз Станция Лайт 2 сатылымға шыққанын жариялады

Қазақстанда Алиса жасанды интеллект-ассистентімен жабдықталған ең қолжетімді колонка – Сағатсыз Станция Лайт 2 сатылымға шықты. Құрылғы арқылы Алисамен қазақ...