Ақтөбеде коммуналдық қызмет тарифі төмендеді

Танымал

Ел аузында

Ақтөбедегі Астана ауданының прокуратурасы мен антимонополиялық департамент АО Aqtobe su – energy group АҚ-да тексеріс жүргізіп, заңбұзышылықты анықтады, – деп хабарлайды «Диапазон».

«Монополист 892 миллион теңгеден аса сомаға сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша іс-шараларды орындамады. Прокуратураның тексерісінен кейін 1 қаңтардан бастап 1 жылға уақытша өтемдік тариф енгізілді. Тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтері бойынша тариф 2,16 пайызға, су бұру – 0,37 пайызға және жылумен жабдықтау – 4,31 пайызға төмендеді», – делінген хабарламада.

АО Aqtobe su – energy group-қа 9,3 миллион теңге айыппұл салынды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орамал дауына қатысты ҚМДБ не дейді?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектеп формасына қойылатын талаптарға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.Діни басқарма балиғат жасына жеткен...