Қаңтар оқиғасы: зардап шеккен кәсіпкерлерге қанша қаржы төленгені айтылды

Танымал

Ел аузында

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 миллиард теңге төленгенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында вице-министр қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жедел шаралар қабылданғанын айтты:

  • ШОБ субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу;
  • жеке және заңды тұлғаларға берілген несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
  • салықтық және кедендік тексерулер және басқа да шаралар тоқтатылды.

«Қаңтар оқиғасы салдарынан алдын ала мәлімет бойынша, 1630 ШОБ субъектісі зардап шекті, келтірілген шығын көлемі шамамен 38,6 миллиард теңге. Бүгінде 1 491 ШОБ субъектісіне жалпы сомасы 8,3 миллиард теңгенің төлемі төленді», – деді Жақсылықов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...