Аяғы ауыр Мақпал Исабекова ерекше фототүсірілім жасады

Танымал

Ел аузында

Тұңғышын күтіп жүрген Мақпал Исабекова ерекше фототүсірілім жасап, желідегі оқырмандарын тәнті етті. Ішін жалаңаштаған әнші көпшіліктен өзін сөкпеуді сұрады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

38 жасында алғаш рет ана атанғалы отырған әнші осы кезеңде ерекше көңілшек болып жүргенін айтады. Сондықтан сырттан айтылатын ауыр сөздерді Исабекова қабылдай алмайды. Ал негатив жазатындарды бұғаттаймын деп әнші бірден ескерткен. 

«Өтінемін, достар, айтарға жақсы сөз табылмаса, үндемей-ақ өтіп кете берулеріңізді сұраймын. Жүкті әйелдің жүрегін жараламаңыздаршы ауыр сынмен», – деп тілек білдірді ол. 

Айта кетейік, Мақпал Исабекова былтыр өзге ұлттың азаматына тұрмысқа шықты. Көп ұзамай сәби күтіп жүргенін хабарлады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жетісуда онкологиялық көмектің мүмкіндігі кеңейіп келеді

Жетісу облысында онкологиялық ауруларды ерте анықтау, заманауи емдеу технологияларын енгізу және күрделі хирургиялық оталарды өңір деңгейінде орындау бағытында жүйелі...