Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16.1 C
Nur-Sultan
21.7 C
Almaty
20.8 C
Shymkent

Қазақстан үкіметі бизнесті қолдауға қатысты жаңа шаралар бекітті

Танымал

Ел аузында

Қазақстан үкіметі дағдарысқа қарсы жаңа шараларды енгізу мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Премьер-министр Әлихан Смайылов дағдарысқа қарсы қосымша шараларға арналған кеңес өткізді. Отырыс барысында үкіметтің сыртқы экономикалық және геосаяси факторлардың қазақстандық өндірушілерге әсерін жіті қадағалап отырғаны айтылды», – делінген хабарламада.

Отандық компаниялардың дамуын ынталандыру және әкімшілік жүктемені азайту үшін бірқатар жаңа қолдау шараларын енгізу ұсынылады.

Мемлекеттік сатып алу шеңберінде өз міндеттемелерін орындау кезінде форс-мажорлық жағдайларға тап болған компанияларды жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін әзірлеу ұсынылады.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында сақтандыру сыйлықақыларына мемлекеттік субсидиялар көлемін ұлғайту ұсынылады.

Сонымен қатар, отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беруді кеңейту ұсынысы қолдау тапты.

Премьер-министр айтылған және басқа да ұсыныстарды қолдап, оларды жүзеге асыру мәселелерін пысықтауды тапсырғанын баса айтылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...