Ерке Есмахан жақында сәбилі болатынын хабарлады

Танымал

Ел аузында

Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты сенсациялық мәлімдеме жасады. Әнші жақында сәбилі болатынын хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Есмахан желідегі парақшасында УДЗ суретін жариялап:

«Ана болатынымды сіздерден жасыру мүмкін емес. Ал, сүйінші», – деп жазды. 

Көпшілік әншінің бұл мәлімдемесіне таңырқап қалды. Жуырда ғана ота жасатқан Еркені «хайп» үшін жалған сөйледі деп айыптағандар жетерлік. Сондай-ақ, кей оқырмандардың болжамынша, Ерке болашақ кіндік баласының суретін жариялаған.

Айта кетейік, Ninety One тобының бұрынғы мүшесі A.Z-мен қарым-қатынасын үзгеннен кейін, әнші басының бос екенін айтқан еді. Есмахан “тұрмысқа шыққысы келмейтінін” де көпшілікке ескерткен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026 жылдың үшінші тоқсанында ресми түрде таныстырылады HONOR компаниясы 79-шы Cannes Film...