Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
22.3 C
Almaty
28.3 C
Shymkent

Елімізде «Алтын белгі» талабы қатаңдатылды

Танымал

Ел аузында

Енді «Алтын белгіге» үміткер түлектер Назарбаев зияткерлік мектебінде математикадан емтихан тапсыруы керек. Білім және ғылым министрлігіндегілер сұрақтар мен пәннің еш өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бұл жаңа пән емес. Бұған дейін түлектер бес емтихан тапсыратын. Сондықтан жаңа пән, жаңа сұрақтар емес. Үміткер Назарбаев зияткерлік мектебінде емтихан тапсыруы керек. Мұнда оның жетістіктеріне сырттай баға беріледі», – деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова. 

Оның сөзінше, оқушылар Назарбаев зияткерлік мектебіндегі емтиханнан бас тарта алады. Мұндай жағдайда оқушы өз мектебінде емтихан тапсырады, алайда оған «Алтын белгінің» орнына үздік аттестат табысталады. 

Министрлік мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 2021/2022 оқу жылында «Алтын белгіге» үміткер 7,5 мыңнан аса түлек бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Спорт- денсаулық кепілі» атты кездесу өтті

Алматы қаласы, бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласы, №11 мекемесінде  – ҚР Конституциясының 30 жылдық мерекесіне  орай, спортшы, мемлекеттік...