Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Орал қаласының әкімі болып Миржан Сатқанов тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Әкімшілігі және қалалық мәслихатпен келісе отырып, меритократия қағидаттарына сәйкес Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы Орал қаласының әкімі қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Миржан Сатқанов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Түркия Республикасының Докуз Ейлюл университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Бүгінге дейін Бөрлі ауданының әкімі қызметін атқарған.

Бұған дейін Орал тұрғындары 2019 жылдың тамызынан бері қала әкімі болып келген Абат Шыныбековтің отставкаға кетуін талап етіп петиция құрған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...