Жұмыс уақтының ұзақтығы бойынша рейтингте Қазақстан 156 елдің ішінде 93-ші орынға жайғасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Жоба сарапшылары банкроттық туралы заңға қатысты аспектілерді қарастырды. Мәселен, банкрот деп танылғандар қаржылық сауаттылық курсынан өтуге міндеттеледі. Fingramota.kz жобасы келтірген мәліметке сүйенсек, 2021 жылы халықтың қаржылық сауаттылығының индексі 39,52%-ды құрады.
Ал Standard & Poor’s 2016 жылы жүргізген зерттеуге сәйкес, Қазақстан қаржылық сауаттылық бойынша 142 елдің ішінде 46-орында болған.
«Еңбек нарығына келсек, қазақстандықтар «еңбексүйгіш» халыққа жатпайды. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметіне сәйкес, 2021 жылы жұмыс уақытының ұзақтығы бойынша 156 елдің ішінде 93-орынға тұрақтады. Әрбір қазақстандықтың бір аптадағы орташа жұмыс уақыты – 38 сағат», – дейді сарапшылар.
Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, ең еңбекқор халық ретінде танылған БАӘ-де бұл көрсеткіш 52,5 сағатты құрады. Ал халықтың жартысына жуығы 49 сағаттан аса жұмыс істейтін болып шықты. Ең аз жұмыс істейтін елдердің қатарына Африканың кедей елдері кірді: Либерия, Мозамбика, Эфиопия.
ТМД елдері арасында (бұрынғы мүшелерді қоса алғанда) қазақстандықтардан қарағанда Тәжікстан, Грузия, Армения, Украина халқы көбірек жұмыс істейтін болып шықты.
«Қысқасы, шынымен де еңбек еткісі келетін, қаржылық қызметтерді қолданғысы келетін, сонымен қатар, өмірлік қиыншылықтарға тап болған азаматтарға жаңа заң көмеккке келеді», – деді Finprom.kz.