Қазақстанда депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме өсті

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2022 жылдың маусымына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максимал мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және мамырдағы деңгейде сақталды, делінген хабарламада. 

Қор мәліметінше, 12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максимал мөлшерлемелер депозит нарығының осы сегментінде орташа өлшемді мөлшерлемелердің өсуіне байланысты сәйкесінше 0,1 пайыздық тармаққа және 0,2 пайыздық тармаққа жоғарылаған. 

Еске салайық, 25 сәуірде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1,00 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 14 пайызға дейін көтерген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне бет алды.   Театр ұжымының айтуынша, бұл  өнер кеңістігіне жаңаша ой,...