Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Жұлдыз Әбдікәрімова: Өсетін ұл мен қызды өсіріп, өз махаббатыма қайта оралдым

Танымал

Ел аузында

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа тұрмысқа шыққан соң, мамандығын ұмытып, бар уақытын отбасына арнаған. Араға 10 жыл салып, көпшіліктің алдына шыққан Жұлдыз көп ұзамай театрға қайта оралды. Актриса алғаш театрда жұмыс істеп жүрген кезін еске алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Оқуды аяқтаған жылдары театрға деген махаббатым соншалық, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына контролер болып істесем де, жұмысқа кіремін деген мақсат болды. Сөйтіп сахна тарландарының өнерін аяғымнан тік тұрып тамашаладым, әр қойылымды өзіме көрсетіп жатқан шеберлік сағаты, сабағы деп қабылдадым. 2006-2007 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына актриса болып жұмысқа орналасып, бірнеше рөлді сомдап шыққам. Сөйтіп жүргенде Қайрекең актрисаның рөлінен шәйнектің руліне отырғызды ғой. Араға біраз уақыт салып, өсетін ұл мен қызды өсіріп, өз мамандығыма, махаббатыма қайта оралдым», – деп бөлісті Әбдікәрімова. 

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова «Махаббат мұнарасы» атты спектакльде басты рөлді сомдады. Қойылым Түркістан музыкалық драма театрында көрсетілуде.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...