Танымал қазақстандық продюсердің жетінші баласы дүниеге келді

Танымал

Ел аузында

Танымал қазақстандық продюсер Жан Мұқановтың отбасында үлкен қуаныш. Мұқановтың жетінші перзенті дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жан Мұқанов Рамазан айының соңында қызды болды. 

«Бүгін сағат 10:19-да осы қасиетті айда, әлемдерді Жаратушының қалауымен, қызды болдым. 

Оның тегі Жан болады, ал есімін Ханзада деп атадық. 

Жан Ханзада, қызым, менің ханшайымым, осынау бір керемет әлемге қош келдің», – деп жазба қалдырды продюсер желідегі парақшасында. 

Сондай-ақ, Мұқанов өзі жеті перзент сыйлаған жұбайына алғыс айтуды ұмытпады. 

«Менің өмірлік махаббатым, қаншырым, сый жасауды біледі. Мен және біздің балаларымыз үшін жасайтын әр әрекетіңе рахмет», – деді Мұқанов. 

Қазақстандық жұлдыздар продюсерді жарыса құттықтады. 

«Бауы берік болсын», – деді Мөлдір Әуелбекова. 

«Ғұмырлы болсын», – деді Айнұр Тұрсынбаева. 

«МашАлла, ғұмырлы қыз болсын, бұрымды қыз болсын», – деп ақжарма тілегін білдірді Төреғали Төреәлі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...