Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Алматыда пәтер иелері кооперативінің бұрынғы басшысы қамауға алынды

Танымал

Ел аузында

Алматыда «Премьера» тұрғын үй кешенін басқарған пәтер иелері кооперативінің (ПИК) бұрынғы төрағасы қамауға алынды. Бұл туралы Наурызбай ауданының прокурорлары Facebook желісінде мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше жыл бойы тұрғын үй кешенін басқаруға байланысты мәселелер тұрғындар арасында наразылық пен келіспеушілік тудырды. Тұрғын үй кешеніне екі ПИК қызмет көрсетеді, оның бірі – «Құрмет достар» тұтыну кооперативі. Тұрғындар өтінішінен кейін прокурорлар қала тұрғындарының уәжі мен басқа да материалдарға талдау жасаған.

«Талдау нәтижелері бойынша, соталды тергеп-тексеруді бастау үшін жеткілікті негіз бар екені анықталды. Прокуратура соалды тергеп-тексеруді тіркеуге бастама жасады және оны тіркеу кезінде тиісті сараптамалар мен басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілді», – делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысы бойынша «Құрмет Достар» ТК есепшотында 70 миллион теңгеден астам қаражат жетіспейтіні анықталған. Тұрғындар нысанды күтіп ұстау бойынша қызметтер үшін төлеген, бірақ қаланың коммуналдық қызметтеріне түспеген.

«Осыны ескере отырып, аудан прокуратурасымен ПИК-тің бұрынғы төрағасын күдікті деп тану туралы шешім келсілді, ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (яғни аса ірі мөлшерде жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша оның әрекеттерінің біліктілігі анықталды.

Сондай-ақ, прокуратура жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеу органның бұрынғы ПИК төрағасын қамауға алу қажеттілігі туралы өтінішін қолдады, ол кейіннен соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Терге аяқталғаннан кейін қылмыстық істі қарау және түпкілікті үкім шығаруға сотқа жіберіледі», – делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, коммуналдық қызметтер алдындағы берешектеріне қарамастан, ос ТК электр-жылумен жабдықтаудан ажыратуға жол берілген жоқ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

DISNEY СТУДИЯСЫНЫҢ «МОАНА 2» АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады 28 қараша күні Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Disney студиясының «Моана 2» анимациялық фильмінің...