Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
12.4 C
Almaty
12.8 C
Shymkent

Қазақстандағы референдум: түзетулерді қабылдау үшін қанша дауыс қажет?

Танымал

Ел аузында

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов шешім қабылдануы үшін референдумда қанша қазақстандық дауыс беру керек екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Референдумға қатысқандардың 50 пайыздан астамы жақтап дауыс берсе, түзетулер қабылданады», – деді Өтемісов Сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Оның айтуы бойынша, қатысуға ниет білдірушілер сайлау учаскесіне келіп, бюллетень алып, өз құқығын білдіруі керек.

Сондай-ақ, ОСК мүшесі референдумға отандық және халықаралық бақылаушылар қатысатынын айтты.

«Басқа елдер өкілдері де қатысуға ниет білдіріп жатыр. Яғни, референдумға ішкі және халықаралық бақылаушылар қатысады. Әрбір халықаралық бақылаушы өзі қарайтын учаскені таңдай алады», – деп түйіндеді Өтемісов.

Еске салайық, 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...