Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.5 C
Nur-Sultan
21.4 C
Almaty
33.7 C
Shymkent

Қазақстандықтар референдумға 51 елде дауыс бере алады

Танымал

Ел аузында

5 маусымда республикалық референдум шеңберінде дауыс беруге қатысатын шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде сайлау учаскелері құрылады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстанның 51 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан учаскелер құрылады. Бұл учаскелердегі тізімге сайлау құқығы бар, шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және Қазақстан азаматы екенін көрсететін төлқұжаттары бар барлық азамат енгізіледі», – деді Петров Орталық референдум комиссиясының отырысында.

Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларға кеткен қазақстандықтар учаскелік комиссияға жүгінсе, төлқұжаттары болса, тізімге енгізіледі.

«СІМ шетелдердегі азаматтарымыздың тізіміне енгізу үшін Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан учаскелік комиссияларға көмек көрсетеді», – деп түсіндірді Петров.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat финалы басталды

Алматыда ауыл оқушыларының ауқымды білім беру сайысы – IQanat Олимпиадасының финалы басталды. Оның іріктеу кезеңдері бүкіл ел бойынша бір...