Адамдар терезе сындыруға мәжбүр болған: Plaza Hotel Almaty-да өрт шықты

Танымал

Ел аузында

Қожамқұлов пен Қарасай батыр көшелері қиылысында орналасқан Plaza Hotel Almaty қонақүйінде өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген видео zhest-kz Telegram-арнасында, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында ғимараттың жоғары қабаттарынан адамдарды эвакуациялаған өртсөндірушілер жұмыс істеді.

Сондай-ақ, видеода жоғары қабаттардағы адамдар түтін тараған бөлмеден шығу үшін терезелерді сындыруға мәжбүр болғаны көрінеді. Видеоның соңында сынған әйнектің дыбысы естіледі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15 жүлдегер марапатталады. Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы биыл...