Тәліптер телеарнада жұмыс істейтін әйелдерден бетін жауып жүруді талап етті

Танымал

Ел аузында

«Талибан» билігі (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстандағы телеарналардан тележүргізуші әйелдер жергілікті телеарналарда эфир кезінде бетін жауып жүруін сұрады, – деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы «Талибанның» Адамгершілік және ізгілік министрлігінің баспасөз хатшысы Акиф Махаджар хабарлады.  

«Кеше БАҚ өкілдерімен кездестік… Олар біздің кеңесімізді қуана қабыл алды», – деді Махаджар. 

Ведомство атынан айтылған мәлімдемеде бұйрық «түпкілікті және келісілмейтіні» жазылған.

Жаңа талап 21 мамырдан бастап күшіне енеді. Алайда бұл талапты орындамаған жағдайда салдары қандай болатыны белгісіз. 

Артынша, Желіде ауған тележүргізуші әйелдердің суреті тарай бастады.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Совминкада жаңа медициналық ғимараттар бой көтереді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі аумағында жаңа медициналық ғимараттарды кезең-кезеңімен салу арқылы ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында...