Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Қазақстанда ПЭТ-қалдықтарды шығаруға тыйым салынады

Танымал

Ел аузында

14 маусымнан бастап Қазақстанда ПЭТ-қалдықтарды (полиэтилентерефталат қалдықтары) шығаруға тыйым салынады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылдың 14 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан ПЭТ-қалдықтарын шығаруға тыйым салынады. Шектеу алты айға созылады», – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының аумағынан сыйымдылығы 2 литрден аспайтын бөтелкелерді, флакондарды және оған ұқсас бұйымдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923301090); сыйымдылығы 2 литрден асатын өзге бөтелкелерді, флакондарды және оған ұқсас бұйымдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923309090); пропилен (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923309090) полимерлерінен жасалған қалдықтарды, сынықтар мен скраптарды (СЭҚ ТН коды 3915901100); полиэтилентерефталат-қалдықтарды әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы «Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 27 мамырдағы № 289 бұйрығымен тыйым салынған.

Комитеттің мәліметінше, тыйым отандық полимер өнімін өндірушілерді қолжетімді шикізатпен, яғни ПЭТ (полиэтилентерефталат) қалдықтармен қамтамасыз ету мақсатында, өндіріс көлемін ұлғайту және ішкі нарықта дайын өнімнің құнын төмендету үшін енгізілген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...