Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданды – Референдумның ресми қорытындысы белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумның қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен, референдумға қатысу құқығы бар қазақстандықтардың жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Олардың ішінде референдумға 7 985 769 адам (68,05 проценті) қатысты. Олар:

«Иә» нұсқасын таңдағандар – 6 163 516 адам (77,18 проценті);

«Жоқ» нұсқасын таңдағандар – 1 490 470 адам (18,66 процент).

Заң бойынша қатысқандардың жартысынан көбі референдумға шығарылған мәселені жақтап дауыс берсе, Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданды деп есептеледі

«Еліміздің Ата заңына ұсынылып отырған өзгерістер қабылданды деп есептеледі. Референдум қабылдаған шешімнің міндетті күші болады және актілермен қосымша растауды талап етпейді», – деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тазабек Сәмбетбай: Конституцияның жаңа жобасы: білімді ұрпақ қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері

(Білім мен ғылым – жаңа Ата заңдағы басты басымдық) Елімізде ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы қоғамның түрлі саласына тың өзгерістер әкелуді көздейді....