Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

27 C
Nur-Sultan
32 C
Almaty
34.3 C
Shymkent

Жаңа үш облыстың тұрғындарына қайта тіркеуден өту қажет пе?: Министр жауап берді

Танымал

Ел аузында

Жаңа құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарының тұрғындарына қайта тіркеуден өту қажет емес. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер жаңа облыстардың тұрғындары мен заңды тұлғалар қайта тіркеуден өтуі керек пе деп сұрады.

«Қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ», – деді министр. 

Министрдің орынбасары Бауыржан Омарбеков құжатты жоғалтқан немесе жаңартқан кезде, сондай-ақ басқа жерге қоныс аударғанда жаңа мекенжай жазылатынын айтты. 

«Ал қазір ұстап жүрген құжаттар жарамды, қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ», – деп толықтырды вице-министр.

Айта кетсек, 8 маусымда президенттің үш облыс құру туралы жарлығы күшіне енді. 11 маусымда мемлекет басшысы жаңа облыстардың әкімдерін тағайындады. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев болды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...