Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Расул Жұмалы Қазақстанның Ливан Республикасындағы елшісі болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы Қазақстанның Ливан Республикасындағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген Жарлықта. 

Бұдан бөлек, президенттің бұйрығымен Нұрлан Онжанов Қазақстанның Германия федеративтік республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. 

Расул Берекетұлы Жұмалы 1971 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетін бітірген.

1992-2007 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және Үкіметінде, сондай-ақ Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Ливия, бірқатар басқа мемлекеттерде жұмыс атқарған.

2007 жылдан бері «Эксклюзив» журналының бас редакторы. Саясаттанушы. 150-ге тарта мақалалары мен сараптамалық еңбектері жарық көрді. «Геополитика Центральной Азии. О былом и насущном» атты кітаптың авторы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...