Қазақстандықтар пойызбен саяхатқа жиі шыға бастады

Танымал

Ел аузында

Биыл теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға артты, – деп хабарлайды Finprom.

2022 жылы пойызды көлігін 5,6 млн адам пайдаланды. Көліктің бұл түрі әсіресе елордада, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында сұранысқа ие болды, Батыс Қазақстан облысында пойыздардың қызметі аз пайдаланылды.

Сондай-ақ, жүктер мен багажды тасымалдау бойынша көрсеткіштер өсті: 2022 жылдың төрт айында бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға көп болды. Қаңтар-сәуір айларында теміржол компаниялары 140,3 миллион тонна жүк пен багажды тасымалдады. Қарағанды, Ақтөбе облыстары және елорда көшбасшы болды, ең аз көлем Батыс Қазақстан облысында тіркелді.

Қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша теміржол тасымалдау саласындағы компаниялардың кірістері құндық мәнде бір жылда 15,3 пайыз өсті және 400,6 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде 375,4 миллиард теңге жүк және багаж тасымалы есебінен, ал қалған 25,2 миллиард теңге жолаушылар тасымалы есебінен пайда тапты. Өткен жылы кірістер 347,3 миллиард теңгені құрады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Астанада заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологиялары талқыланды

2026 жылғы 24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің үшінші күні аясында экология саласында заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды...