Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасында көрсетілетін қызмет түрі көбейді

Танымал

Ел аузында

Алматы облысы Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасында тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрі көбейді. Бүгінгі күні ауруханада күрделі оталарды жасау қолға алынды. Атап айтқанда асқазан-ішектен қан кету өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай жағдайларда хирургиялық емдеу кейде науқастың өмірін сақтап қалудың жалғыз әдісі болып табылады.
Бүгінгі таңда Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасында асқазанның екі жаппай гастроэктомиясы және бес субтоталды проксимальді резекциясы өткізілді. Мұндай жағдайларда хирургиялық емдеу тактикасын таңдау көбінесе операция кезінде анықталады.
Гастрэктомия-бұл асқазан қатерлі ісігін емдеу, асқазан жарасынан қан кету, жараның малигнизациясына күдіктенген кезде жасалатын операция.
Жалпы гастрэктомия асқазанды, лимфа түйіндерін, сондай-ақ өңеш пен аш ішектің бөліктерін толығымен алып тастауды қамтиды. Науқас тамақ ішіп, жұтыну үшін өңеш жұқа ішекпен біріктіріледі.

  • Бүгінгі күні ауруханада көрсетілетін медициналық қызмет спектрі кеңеюде. Осыған байланысты халыққа көрсетілетін қызмет түрі қолжетімді әрі сапалы болуы керек, – дейді аурухана директоры Маулен Сансызбайұлы.
    Естеріңізге сала кетсек, Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханада күрделі оталар жасаумен қатар бірнеше бөлімшелер ашылды. Атап айтқанда соңғы екі жылда ауруханада оңалту бөлімі, эндоваскулярлық хирургия және гемодиализ бөлімдері ашылды. 2022 жылы аталған ауруханада нейрохирургия бөлімі, кардиохирургия бөлімі, ортопедия бөлімі, құлақ-мұрын ауырларын хирургиялық емдеу (ЛОР) бөлімі, көз ауруларын хирургиялық емдеу бөлімі, урология бөлімін ашуды жоспарлап отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...