ДДСЖ маймыл шешегін пандемия деп жариялады

Танымал

Ел аузында

Дүниежүзілік денсаулық сақтау желісі (ДДСЖ) маймыл шешегін пандемия деп жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ДДСЖ ұйымының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, ұйым маймыл шешегінің өршуін жаһандық маңызы бар төтенше жағдай деп таныған. Қазіргі уақытта инфекцияны жұқтыру жағдайлары 58 елде анықталды, науқастардың жалпы саны 3 400-ден асты. Инфекцияның таралу қарқыны апта сайын артып келеді.

ДДСЖ теріс салдарды азайту үшін вирус тарап жатқан барлық жерде шұғыл шаралар қабылдау керектігін атап өтті. Кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 23 маусымда маймыл шешегінің өршуінің жаһандық қаупін бағалау үшін төтенше комитет отырысын шақыратынын мәлімдеген.

Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустің айтуынша, маймыл шешегінің бұған дейінгі өршу жағдайларымен салыстырғанда вирустың бұл жолғы нұсқасында ерекшеліктер бар. Сол себепті вирусологтар бұған жіті назар аударуы тиіс.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

B2B Way Club запускает онлайн и офлайн-встречи между казахстанским бизнесом и международными производителями

В рамках подготовки к международной выставке HomeTech & Electra 2026 проект B2B Way Clubразвивает несколько направлений работы, которые помогают казахстанскому бизнесу заранее...