Көкшетауда 34 мың темекі өнімін заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

Танымал

Ел аузында

Көкшетау қаласының дүкендерінде 20 миллион теңгеге контрабандалық темекі өнімдерін сатпақ болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз кәсіпкерлік дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.

«Газель» маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Темекі өнімдері көлікке Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әмір» әмбебап базарының аумағында тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген. Жедел іздестіру кезінде сол маркадағы темекілер табылды», – делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша, 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңге болады.

ҚР КПК-ның 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәлімет жария етілмейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...