Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Алмаз Ыдырысов индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.РЕКЛАМА

2005-2006 жылдары – «Қазақавтожол» ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы. 

2006-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет еткен.

2014-2016 жылдары – «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары. 

2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болған.

2019-2022 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Вкус Вьетнама в Алматы: гастрономическая неделя в Vista превратила город в Юго-Восточную Азию

В ресторане Vista Restaurant отеля The Ritz-Carlton, Almaty проходит редкое для города событие — гастрономическая неделя «Очарование Вьетнама», где...