Алматыда қаржы пирамидасының жетекшілері сотталды

Танымал

Ел аузында

Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша соталды тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«Ұйымдастырушылары азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынды. Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берді. 2018-2021 жылдары WBC қаржы пирамидасына жалпы сомасы 5,8 миллиард теңге тартылды. Соталды тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді», – делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, сот үкімі бойынша қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сонымен қатар, пирамида схемасының тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...