Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Ғалымдар: Қытай халқы 60 жылда алғаш рет қысқарады

Танымал

Ел аузында

Соңғы 40 жылда Қытайда халық саны 660 миллионнан 1,4 миллиардқа дейін өскен. Адам санының көбеюі Қытай экономикасының алға ілгерлеуінің басты себебі болды. Әлемдегі ең арзан жұмыс күшінің арқасында мемлекет әлемнің өндіріс орталғына айналып шыға келді. Сонымен қатар елдегі туу көрсеткішінің артуы мемлекет үшін ауыртпашылыққа айналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Комсомольская правда басылымына сілтеме жасап. 

1980 жылы Қытай «бір отбасы – бір бала» қағидасын енгізді. Демографтардың мәліметінше, бұл 400 миллион баланың дүниеге келуінің алдын алған. Бұлай болмаса, қазір халық саны 2 миллиардқа жетер еді. 

Экономикалық айдаһар қартайды

Аустралиядағы Виктория Университетінің ғылыми қызметкері Сюцзянь Пэн биыл Қытайда халық санының 1959-1961 жылдардағы ашаршылықтан кейін алғаш рет қысқаратынына сенімді. 2021 жылы елдегі адамдар саны бар-жоғы 480 мыңға көбейген. Дегенмен мұнда адам санының өсімі жыл сайын 8-10 миллион болған.

Шанхай әлеуметтік ғылымдар академиясының зерттеушілер тобының болжамына сәйкес, 2021 жылдан кейін әлемдегі ең үлкен ұлттың саны жыл сайын 1,1%-ға (1 миллионнан аса адам) азаяды. Нәтижесінде 2100 жылға қарай Қытай 1 миллиард тұрғынынан айырылып, адам саны 587 миллионға тең болады. Салыстыру үшін, қазір Қытай аумағында 1 миллиард 413 миллион адам тұрады. 

Демографияның артынша мемлекетте экономиканың да құлдырауы болжанып отыр. Келешекте Қытай әлемдік зауыт мәртебесінен айырылады. Қазірдің өзінде мұндағы еңбек күші Вьетнаммен салыстырғанда екі есе қымбат. Сондықтан Ханой, Үндістан мен Бангладеш «жаңа Қытай» атануға дайындалып жатыр. Сонымен қатар 2100 жылға қарай Қытай зейнетақы төлемдерін 5 есеге көбейтеді, бұл үшін мемлекеттің ішкі жалпы өнімінің 50%-ы арналмақ. Ал жастардың басты міндеті қарияларды қамтамасыз ету болады: 100 жұмыс істейтін азаматқа 120 зейнеткерден келеді. Салыстыру үшін, Ресейде 240 еңбекке жарамды адам үшін 100 зейнеткерден келеді. 

Қытайда көпбалалы ата-ана атану үшін кейбірі өз мансабы мен жұмыс орнын да қатерге тіккен. Ал айыппұл төленбеген жағдайда бала денсаулық сақтау және білім беру жүйесіне қосылмайды. Алайда адамдар мұны да айналып өту жолын тапқан. Себебі Қытайда егіз немесе үшем туған жағдайда айыппұл салынбаған. Сондықтан мемлекетте табиғи жолмен егіз немесе үшемді дүниеге әкелу мүмкіндігін арттыратын экстракорпоралды ұрықтандыру технологиясы сұранысқа ие болған. 

Сонымен қатар мемлекетте бір балаға ғана рұқсат берілгендіктен, көпшілігі ұл баланы дүниеге әкелуге тырысқан. Егер баласы қыз екенін білсе, түсік жасатқан. Салдарынан елде әр 100 қызға 120 еркектен келеді. Кей провинцияларда 100 қызға 130 еркектен келеді екен. 

Үндістан әлемнің басты перзентханасына айналады

Қытай қазір шаруашылық ел емес, мұнда адамдардың 65%-ы қалада тұрады. Қытай мемлекеттік сараптамалық орталығының мәліметінше, 2005 жылы ата-аналар баланы тәрбиелеу үшін 490 000 юань жұмсаса, қазір бұл сома 4 есеге өскен. Сонымен қатар қытайлық әйелдер Еуропа мен Ресей, АҚШ тұрғындары секілді еңбек мансабын көпбалалы ана мәртебесіне алмастырғысы келмейді. 

Сарапшылардың сөзінше, әлемнің басты перзентханасы Қытайдан Үндістанға өтеді. Қазір Үндістандағы халық саны Қытайдікінен бірнеше ондаған миллионға аз. Дегенмен мұнда адам саны жыл сайын 1%-ға көтеріледі. Әрі Үндістан халқының екіден үш бөлігі ауылда тұрады. БҰҰ мәліметіне сәйкес, 2027 жылға қарай Үндістан халық саны бойынша Қытайды басып озады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...