Грузияда азаматтар биліктің отставкаға кетуін талап етіп, наразылыққа шықты

Танымал

Ел аузында

Азаматтық сектор, оппозициялық саяси партия өкілдері мен тұрғындар 3 шілдеде Тбилисдегі парламент ғимаратының маңында митинг өткізіп, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Наразылық білдіргендер елде реформа жүргізе алатын және Еуроодаққа мүшелікке қабылдануға қол жеткізе алатын министрлер кабинетін жасақтауды талап етті. Сонымен қатар олар парламент ғимараты орналасқан Руставели даңғылын жауып тастаған. Митинг «Еуропадағы үйімізге» деп аталады. 

Еуроодақ көшбасшылары одақ саммитінде 23 маусымда Украина мен Молдавияға ұйымға қосылу үшін кандидат мәртебесін берген. Олар Грузияның еуропалық келешегін мойындап, оған да бірнеше талапты орындаған соң мәртебені беруге дайын екенін мәлімдеген. Грузияда билік реформасын жүргізу үшін алты ай уақыт бар. Үш елдің Еуроодаққа қанша уақытта қосылатыны белгісіз. Еуроодақ мүшелігі туралы келіссөз 10 жылдан аса уақытқа созылуы мүмкін.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...