Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15.8 C
Nur-Sultan
18.5 C
Almaty
21.7 C
Shymkent

Копенгагенде сауда орталығында болған атыс салдарынан бірнеше адам мерт болды

Танымал

Ел аузында

Копенгагендегі Field’s сауда орталығында атыс болып, бірнеше адам оққа ұшты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап. 

БАҚ үш адамның мерт болып, тағы үш адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Олар ауыр жағдайда.

Дания астанасының басшысы Серена Томассен күдіктінің 22 жастағы Дания азаматы екенін айтты. Әзірге оның мұндай әрекетке не себепті барғаны анықталып жатыр. 

«Ол өте ашушаң болды және түрлі нәрселерді айтып, айқайлады», – дейді куәгер. 

Сонымен қатар полиция атыстың террористік сипаты болғанын жасырмайды. Өзге куәгерлер де оқиға туралы айтып берген. 

«Бастапқыда адамдар оны ұры екен деп ойлады. Кенеттен мен атыс дауыстарын естіп, дүкенге жүгірдім. Ол адамдарға қарай ата бастады, еденге немесе төбеге емес», – деді куәгер Рикке Левандовски TV2 арнасына берген сұхбатында. 

«Біз досым екеуміз атыс дауысын естідік. Он шақты рет атылғанын естіп, дәретханаға қарай жүгірдім. Кішкентай дәретханаға 11 адам кірдік», – деді тағы бір куәгер. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...