Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Биыл қандастардың көбі Алматы және Маңғыстау облыстарына қоныстанды

Танымал

Ел аузында

Отанына оралған қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан, Қытайдан, Түрікменстаннан, Моңғолиядан және басқа елдерден қоныс аударған.

1 шілдеге дейін 7 415 этникалық қазақ тарихи отанымен қауышып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2%) – Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 7,4% – Түрікменстаннан, 3,2% – Моңғолиядан және 8,8% басқа елдерден қоныс аударған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,6%), Маңғыстау (18,3%), Түркістан (9,8%) және Жамбыл (6,3%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,7%), Нұр-Сұлтан (7,1%) және Шымкент (8,1%) қалаларына қоныстанған.

Осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 24,1% және зейнеткерлер саны 13,9%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4%-ы жоғары білімді, 40,3%-ы орта кәсіби білімді, 47%-ы жалпы орта білімді және 1,6%-ның білімі жоқ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

DISNEY СТУДИЯСЫНЫҢ «МОАНА 2» АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады 28 қараша күні Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Disney студиясының «Моана 2» анимациялық фильмінің...