Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

КҚК-да қазақстандық мұнай экспорты қалыпты режимде жүріп жатыр – министрлік

Танымал

Ел аузында

«КҚК-Р» АҚ құбыр жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды экспорттау қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Энергетика министрлігі өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты судьясының 5 шілдедегі шешімі бойынша «КҚК-Р» АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды. Үздіксіз әрекетті ескере отырып, «КҚК-Р» АҚ сотқа судья шешімінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берді», – деді ведомство өкілдері.

Энергетика министрлігі консорциум Ресейдің тиісті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен Ространснадзор бұйрығында көрсетілген құжаттық заңбұзушылықтарды жою үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта қазақстандық мұнайды «КҚК-Р» АҚ құбыр жүйесі арқылы экспорттау тұрақты режимде жүзеге асырылып жатыр», – деді министрлік өкілдері.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Рухани кеңістіктегі ғылыми көпір

Стамбул қаласында Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығында (IRCICA) профессор Девин ДиУистің «Қазақстан мен Орталық Азиядағы Ислам және...