Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.5 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
21.8 C
Shymkent

Рыбакина федерациядан берілетін сыйақыдан бас тартты

Танымал

Ел аузында

Елена Рыбакинаға мемлекет тарапынан Уимблдондағы жеңісі үшін сыйақы қарастырылмаған, ал Рыбакинаның өзі Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйлықақыдан бас тартқан, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Елена Рыбакинаның Уимблдон-2022 финалындағы жеңісі үшін мемлекеттен неге төлем алмайтынын түсіндірді.

«Халықаралық жарыстардың чемпиондарына, жүлдегерлеріне, сондай-ақ жаттықтырушыларға ақшалай көтермелеу Үкіметтің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 152 қаулысының негізінде жүзеге асырылады. Уимблдон турнирі коммерциялық болғандықтан, республикалық бюджеттен ақшалай төлемдер қарастырылмаған», – деп түсіндірді комитет өкілдері.

Елена Рыбакинаның өзі Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйлықақыдан бас тартқан.

«Біз Еленаға қаржылай көмек бергіміз келген, алайда бас тартты. Одан бөлек, ол жүлде үлесін қайырымдылық пен юниорларды қолдауға жұмсағысы келеді», – дейді ҚТФ вице-президенті Юрий Польский «Матч ТВ-ге» берген сұхбатында. 

Еске салайық, қазақстандық Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінде  тарихи жеңіске жеткен болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...