«Сыра патшасына» тиесілі шипажай мемлекеттің меншігіне қайтарылуы мүмкін

Танымал

Ел аузында

Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешовтің активтері заңсыз қайта рәсімделген.

Атышулы олигарх Тоқтар Төлешовтың активтері ел меншігіне өтуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешовтің активтері заңсыз қайта рәсімделген.

«Жоғарғы Сот Төлешовтің (билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін сотталған, Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі) активтерін (Шымкенттегі балабақша және Сарыағаштағы профилакторий) заңсыз қайта рәсімдеудің күшін жою туралы прокуратураның кассациялық өтінішхатын қарап жатыр», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ олигополиялардың пайдасына қабылданған сот актілері бойынша жоғары сот сатысына 4 наразылық келтірілді.

Оларды қайта қарау мемлекетке 30 млрд теңгеге жуық залалды өтеуді көздейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...