Сайрам АПБ полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын аймақтарда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейдтік-профилактикалық шара ұйымдастырды.
Әсіресе Ақсукент ауылы Абылайхан көшесінде орналасқан Арбат демалыс аймағы жанында қауіпсіздікті қадағалады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін орнатылған «сағат 20:00 – 06:00 аралығында көліктердің жүруіне тыйым салынады» деген жол белгісі мен шлагбаумға қарамай, арбатқа кіріп, жол ережесін бұзғандарды анықтады. Бұл жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабымен «Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау» 6 хаттама толтырылды.
Сондықтан полицейлер көлік тізгіндегенде жол бойына, көшелерге орнатылған барлық жол белгілеріне назар аударуды, жол қозғалысы ережесін сақтауды қатаң ескертеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі