Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Түркістан полицейлері вахталық жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

Танымал

Ел аузында

Қазіргі таңда облысымызда қылмыстың өршіген түрі ол – алаяқтық қылмысы. Сондықтанда облыс полицейлері әккі алаяқтардың жолын кесіп, қылмыстың алдын алу мен болдырмау мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
Мәселен Түркістан қаласында орын алған кезекті алаяқтық жайты ашылды.

Яғни Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданды. Оның айтуынша, танысы вахталық жұмысқа тұрғызып беретінін айтып, ол үшін 100 000 теңге қаражат алған. Алайда жәбірленуші күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Хабарлама бойынша Түркістан полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тексеру барысында орта жастағы күдіктінің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді.

          Түркістан облысы  ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Су тасқынының шарықтау шегі қашан болады? Ғалымдардың жауабы

Биыл елімізде көрші елден мол су келіп жатыр. Бұл ағын қашанға дейін жалғасады? Шарықтау шегіне қашан жетеді? Massaget.kz тілшісі сарапшылардың пікірін...