Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Түркістан полицейлері жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Танымал

Ел аузында

Бәйдібек АПБ-ның полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізудің кезекті жайтын анықтады. Яғни, ауыл көшелерінің бірінде жол-көлік оқиғасы орын алған.
Белгілі болғандай, «Опел-вектра» автокөлігі қарсы жолаққа шығып, «Ваз-21144» автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, алайда көліктерге материалдық шығын келген.
Тексеру кезінде тәртіп сақшылары » Опел-вектра» жүргізушісі көлікті мас күйінде басқаруы мүмкін деген тұжырымға келді.
Бұл жайттың анық-қанығына жету үшін оған медициналық сараптама тағайындап, нәтижесі бойынша жүргізушінің алкагольдік ішімдік қолданғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеп іс құжаттар жинақтап, заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолдады.
Аудандық соттың қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылданды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мас халде көлік жүргізбеуге кеңес береді. Ішімдік ішіп, заң бұзатындарға, оның ішінде көлік айдайтындарға қатаң жаза қарастырылған. Сондықтан өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеңіз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...